СҮТ ҚАБЫЛДАЙТЫН ПУНКТТЕР

СҮТ ҚАБЫЛДАЙТЫН ПУНКТТЕР

Жабдықтың аталмыш сериясы жеке қосалқы шаруашылықтарында жиналатын сүттің есебінен сүт зауытына тапсырылатын сүттің көлемін ұлғайтуды қалайтын тұтынушылар жағының, сондай-ақ өздерінің сүт жинау аумағын кеңейтуді қалайтын тұтынушылар жағының сұраныстанына байланысты жобаланған. «Сүт қабылдайтын пункттер» сериясының жабдығы сүтті қайта өңдейтін кәсіпорынға оны тапсыру алдында қабылдауға, тазалауға және салқындатуға арналған.

Бағасын анықтау

Жабдық мынадай артықшылықтарға ие:
1. Минималды шығындармен сүттің сапасын сақтауға көмектеседі:
1.1. Сүтті қабылдау кезінде «Клевер-2» құрылғысының көмегімен сүттің сапасын бағалауға және сүтті сақтайтын жалпы сыйымдылыққа сапасыз шикізаттың түсіп кетуінің алдын алуға мүмкіндік береді.
1.2. Сүтті күміс иондарымен жұқа тазарту сүзгішін байытудың инновациялық технологиясын жасаған, Тарант" (Воронеж қ-сы) компаниясының сүтті жұқа тазарту сүзгішімен жүзеге асырылады, ол сүтті жұқа тазартудың базалық сүзішімен салыстырғанда сүзгіштің жұмыс жасау тиімділігін 1,5 есе арттырады.
1.3. Сүт қабылдайтын пункттер автоматты жуғышы бар жабық типті сүт салқындатқыштарымен жинақталады, ол салқындатқыштың электроэнергиясының оңтайлы шығынына және ішкі резервуарының тұрақты тазалығына кепілдік береді.
2. Мынадай конструктивті ерекшеліктерге және пайдалануда ыңғайлықтарға ие:
2.1. Сүт қабылдау жинағына РМ-5-П электрондық есептегіші бар автоматтандырылған сүтті жүктеу/шығару желісі кіреді.
2.2. сүт қабылдайтын пункттер жазғы уақытта (электрожелдеткіш) контейнер блогының ішінде температураны төмендету үшін желдету жүйесімен жабдықталған.
2.3. Үстіңгі жапқыштың гидроизоляциясының бар болуы сүттің кездейсоқ ағын кетуі кезінде «күйе» пайда болудан қорғауды қамтамасыз етеді.
2.4. Орнатылған электрлік конвектор салқын уақытта жайдың жылынуын қамтамасыз етеді.

Мал шаруашылығы

Сүт